+7 (727) 34 66 175 Алматы
+7 (7172) 646 175 Астана
+7 707 111 31 75 Общий

Алматы

Астана

Общий

«ПАРКЕТ ӘЛЕМІ» – КӘСІПҚОЙ ӘЛЕМДЕГІ ПАРКЕТ ЕДЕН ЖАБЫНДАРЫН!

«Паркет Әлемі» компаниясының миссиясы – біздің тұтынушыларға жоғары сапалы едендік жабулар ұсыну және кәсіби паркеттік қызметтер атқару. 
Біз паркеттер туралы барлық ақпаратқа иеміз және Қазақстандағы ағаштан жасалған едендік жабулар саласындағы сарапшылар ретінде талғамы ең жоғары деген тұтынушылардың талабын қанағаттандыруға даярмыз.   
«Паркет Әлемі»  канадалық өндіруші Coswick, неміс  өндірушісі  HARO,  австралиялық Mafi, польшалық  Barlinek, ресейлік  Karelia Upo floor, неміс өндірушісі  PARADOR сынды әлемдік брендтердің эксклюзивті өкілі болып санадалы. 
«Паркет Әлемі» компаниясы – бұл Алматы және Астанадағы бөлшектеп сату салондар желісі.
Алматы қаласында салондар ең ірі  Армада және Саламат сауда орталықтарында ұсынылған. 
Астана қаласында үш салон іске қосылған – Орынбор қиылысында жеке орналасқан премиум-класс салоны және тағы екі салон «Строймарт» пен «12 Месяцев» сауда орталықтарында орын алған.     
Сонымен қатар, компания тұтынушылары өз қаласында тиімді бағамен «Паркет Әлемі» тауарларын сатып ала алу үшін, Қазақстан бойынша  өзіндік дилерлік желісін дамытуда. «Паркет Әлемі» архитекторлар, дизайнерлер, дилерлер және еден қалаушылар үшін жиі кәсіби семинарлар өткізіп тұрады. Мұнда олар паркет төсеудің технологиясы бойынша оқудан өтеді, паркеттік материалдарды тексеруден өткізу және техникалық тәжірибе жасауды бақылайды, сондай-ақ өнім бойынша толық ақпарат алады.
Компания Қазақстандық құрылыс көрмелерінің барлығына дерлік қатысып, «Ең мықты команда», «Инновациялық өнім» және т.б. номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болып келеді. 
Сондай-ақ, тұтынушылар үшін жоғары сапалы сұрыптарды қалыптастыру мен кәсіби тәжірибе алмасу үшін компания қызметкерлері жылсайын едендік жабулар бойынша заманауи халықаралық көрмелерге қатысып тұрады.    
«Паркет Әлемі» Қазақстанның Базис А, BI Group, Элит Строй, Global сынды құрылыс компанияларымен белсенді серіктестікте жұмыс істейді.
Жұмыс істеу барысында едендік жабуларды төсеу және сату бойынша, жекедара және қоғамдық интерьерлерді жүзеге асыруда өзіндік тәжірибе жинадық.  Ең ірі жұмыстарымыз - Abu Dhabi plaza, Chaplin cinema, GQ бары, «Вечное Небо» мейрамханасы, Алматы қаласының Мұз айдыны және тағы басқа объектілер.
Көрсетілетін қызметтер мен өнімдердің сұрыптары Қазақстан бойынша ең ауқымдысы десек, қателеспейміз, олар: массивті паркет, паркеттік тақта, модульді паркет, дана паркет, инженерлік паркет, термо-паркет, дизайнерлік паркет, спорттық паркет, террасалық тақта, винилды жабу, акустикалық тақта, қабырғалық тақта, паркетке арналған химия, паркетті күтіп ұстау мен қайта қалпына келтіруге арналған құралдар. Біздің өнімдердің толық сұрыптарымен танысу үшін мына сілтемеге кіру арқылы таныса аласыз  Компания сұрыптары.  Паркет Әлемі компаниясы экономнан бастап эксклюзивті паркет едендік жабуларының барлық баға сегменттерін ұсынады.                                          
Біз өз тәжірибемізбен бөлісіп, әрбір үйге жоғары сапалы едендік жабуларды ұсынуға әзірміз! 

Задать вопрос

Заполните форму и, мы ответим на Ваш вопрос в ближайшее время.

Заказать звонок

Заполните форму и, мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратная связь

Заполните форму и, мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Товар:
Доставка образца

Заполните форму и, мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Образец:
sesdfg