+7 (727) 34 66 175 Алматы
+7 (7172) 646 175 Астана
+7 707 111 31 75 Общий

Алматы

Астана

Общий

Наши услуги

Паркетті төсеу

  • Массивті тақта төсеу
14685149_w640_h640_massiv3d.png

Массивті тақталарды төсеу барлық ғимараттарда мүмкін, тек жертөле (жерден төмен орналасқан аймақ) және жылытылатын жүйе орнатылған еденде мүмкін емес. 

Төсеу жұмыстарына дайындық:

Массивті тақтаны төсеуге дайындық кезеңінің негізгісі  төсеніштердің ақауларын тексеру және Сатып алушы не маманмен тауарды қабылдауда толық тексеруден өткізу болып табылады. Тауарды қабылдап алу және планканы орнатудан кейін ақауы бар тауардың зауыттық кепілдемесі доғартылады.

   Төсеу жұмыстары үшін қажетті талаптар:

- Төсеу жұмыстарын бастағанға дейін апта бойы бөлмеде 18-22°C температурасын ұстап тұру;
- Төсеу жұмыстары бойы ылғалдылықтың ~45-55% болуы;
- Ылғалдылық, тегіс бет және сапалы төсеу талаптарға сай болуы тиіс;
- Массивті паркеттің орамалары төсу жұмыстары басталғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын бөлмеге әкелінеді.

Еденнің алғашқы кейіпі:

- Массивті паркетті төсеу кезінде қосымша фанера немесе  қалыңдығы 15 - 20 мм OSB-плитасы пайдаланылады;
- Стяжканың ылғалдылық көрсеткіші 3% аспау керек;
- Төсеу жұмысын бастамас бұрын стяжканың ылғалдылығын, тегістігін және бүтіндігін тексеру керек;
- Еден әртүрлі ластардан және қоқыстар тазартылады.

Паркетті төсеу:

- Төсеу жұмысын бастайтын бұрыш анықталып алады;
- Әрі қарай дыбысқаққыш төсеніш төселіп, бекітіледі;
- Негізгі қабырғаға параллелді түрде бауды пайдалану арқылы базаның сызығы анықталып алынады. Тақта енінің қосындысы және артық қалдырым (10-15 мм) қабырғадан базаға дейінгі қашықтық болып есептеледі; 
- Структурасы мен тонировкасын сәйкесінше үйлестіру үшін бірнеше орамның планкаларын орнату ұсынылады;
- Бірінші планка шегелермен қолмен қатайтылады, ол базаға қатысты өте түзу болуы шарт;
- Қалған планкалар пневмо-балғамен кемінде екі жерден қатайтылады;
- Соңғы қатар бірінші қатар секілді қолмен шегелеп қатайтылады.

Паркетті төсеп болғаннан кейін:

- Төсеу жұмыстары біткен соң, шаңсорғыш арқылы барлық шаң мен қоқысты тазалау керек, еденді клинермен тазалап алған жөн және 72 сағат ішінде бөлме ішінде жүруге тыйым салынады;
- Аудан бойы плинтус орнатылып, ол қабырғаға қатайтылады.

  • 2-қабатты тақталар төсеу
inzhenernaya_doska_ili_parketnaya_doska_4 - копия.png

2-қабатты тақталарды төсеу жер қабатынан орналасу деңгейіне тәуелсіз, барлық типті бөлмелерде рұқсат етіледі. Май жабуымен көмкерілген 2-қабатты тақта жылу жүйесі орнатылған еденге де төселе алады.

Төсеу жұмыстарына дайындық:

2-қабатты тақталарды төсеу кезеңінің ең бастысы  Сатып алушы немесе тауарды қабылдап алған маманның соңғы тексеру жұмыстары, яғни ақаулардың бар-жоғын тексеру. Тауарды қабылдап алғаннан соң ақауы бар тауарды ауыстыруға зауыттық кепілдеме мерзімі бітеді.  

Төсеу жұмыстарына қажетті талаптар:

- Төсеу жұмыстарын бастағанға дейін апта бойы бөлмеде 18-22°C температурасын ұстап тұру;
- Төсеу жұмыстары бойы ылғалдылықтың ~45-55% болуы;
- Ылғалдылық, тегіс бет және сапалы төсеу талаптарға сай болуы тиіс;
- Массивті паркеттің орамалары төсу жұмыстары басталлғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын бөлмеге әкелінеді.

Алғашқы еден көрінісі:

Инженерлік 2-қабатты тақта паз-гребень байланысы бар, бетондық  стяжкаға не фанераға төселеді.

  •  Стяжкаға  паркетті төсеу  талаптарының сипаттамасы:

- Стяжканың жоғары мықтылығы.  Бұны өте оңай тексеруге болады: шегемен стяжка бетін жүріп өткенде үгітілмесе, яғни төсеу жұмыстарына стяжка беті жоғары төзімді болып табылады;
- Стяжканың ыдғалдылығы 3% аспау керек. Егер ылғалдылық көрсеткіші қажетті деңгейді көрсетпесе, төсеу жұмыстарын тоқтатқан дұрыс және ылғалдылықты реттеу жолдарын қарастырған жөн;
- Бетон-цементтік стяжка толық тегістік тексеруден өту керек.

  • 2-қабатты паркетті фанераға  (OSB-плитаға) төсеу талаптары:

- 2-қабатты паркеттерді төсеу жұмыстары кезінде  қалыңдығы 15-20 мм фанера немесе OSB-плитасы пайдаланылады;
- (Фанера немесе плита) негізінің ылғалдылығы 12% деңгейінде болуы керек;
- Негіздің жылжуына ешқандай мүмкіндік болмау керек, ал оның беті түбегейлі тегіс болуы шарт;
- Еден беті ластардан және қоқыстардан тазартылады.

Паркетті төсеу

Төсеу жұмысының бастамасы:

- Төсеу жұмысын бастайтын бұрыш анықталып алады;
- Негізгі қабырғаға параллелді түрде бауды пайдалану арқылы базаның сызығы анықталып алынады. Тақта енінің қосындысы және артық қалдырым (10-15 мм) қабырғадан базаға дейінгі қашықтық болып есептеледі. Ашық тұстары плинтуспен жабылады; 
- Структурасы мен тонировкасын сәйкесінше үйлестіру үшін бірнеше орамның планкаларын орнату ұсынылады;
- Бірінші планка негізге шегелермен қатайтылады (фанера немесе стяжка);

«Желімдеу» әдісімен төсеу:

- Желім біркелкі жағылады (бұл тұста еденге қарсы шпательді 45 бұрыштамасымен ұстау шарт);
- Базаға 1-планка қабырғаға ойықпен орнатылады, ал бөлмеге тарамдаумен. 2-3 қатар төсеу орнатылғаннан соң, 1-қатардың түзу орнатылғандығына көз жеткізу керек;
-  Ойық пен тарамды кезектестіре отырып, келесі қатарлар орнатылады;
- Төсеу жұмыстары кезінде планкалардың біріккен жері қатар орналаспағанын бақылап отыру керек;
- Инженерлік тақталарды желімдеу әдісімен төсеу барысында бөлменің ылғалдылығы мен температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мән беру керек, себебі қандай да өзгеріс желімнің кебу процесіне әсер етуі мүмкін.

Шегелерді пайдалану арқылы төсеу:

- Планканың бірінші қатары қабырғаға ойықпен орнатылады және шегемен бекітіледі. Қатардың бірегейлігіне көз жеткізіп, планкаларды солдан оңға қарай орнатыңыз;
- Келесі қатарлар әрбір 20-25 см сайын тақтаның бекіте отырып,  пневмо-балғамен орнатылады;
- Әрбір планканы кемінде 2 рет бекіту керек.
- Соңғы қатар (бірінші қатар секілді) қолмен бекітіледі және 10-15 мм саңылаулар қалдыру арқылы орнықтылады.

Паркетті төсеп болғаннан кейін:

- Төсеу жұмыстарынан кейін шаңсорғыш арқылы ластануды жинау керек (шаң мен қоқыс), клинер көмегімен паркетті тазалау керек және 72 сағат бойы бөлмеде жүруді тоқтату керек;
- Бөлме ауданы бойынша плинтус орнықтылады, ол тек қабырғаға бекітіледі.

  •    3-қабатты тақталар төсеу
inzhenernaya_doska_ili_parketnaya_doska_3.png

3-қабатты паркеттік тақталар жер қабаты ораласу деңгейінен тәуелсіз, барлық типтік бөлмелерге төселе алады.  Маймен жабу немесе эластикалық лакпен көмкерілген 3-қабатты паркеттерді жылыту жүйесі бар еденге де төсеуге мүмкіндік бар және ол түрлі технологиялармен жүзеге асады.  3-қабатты паркеттік тақталар құлыпты бірігу тетікшесі бар, бетондық стяжкаға, фанераға, оқшаулағыш төсеніш немесе желіммен  төселеді (желімдеу әдісі арқылы).

Төсеу жұмыстарына дайындық:

3-қабатты тақталарды төсеу жұмыстарын жүргізудің  негізгі кезеңі  тауарды қабылдап алуда Сатып алушы немесе төсеу бойынша маманның  ақауларын толық тексеру болып есептеледі. Тауарды қабылдап алған соң және планканы орнату барысында анықталға ақауы бар тауар зауыттық кепілдемеден шығарылып, ауыстырылуға жатпайды.

Төсеу жұмыстарына қойылатын талаптар:

- Төсеу жұмыстарын бастағанға дейін апта бойы бөлмеде 18-22°C температурасын ұстап тұру;
- Төсеу жұмыстары бойы ылғалдылықтың ~40-65% болуы;
- Ылғалдылық, тегіс бет және сапалы төсеу талаптарға сай болуы тиіс;
- Массивті паркеттің орамалары төсу жұмыстары басталғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын бөлмеге әкелінеді.

Алғашқы еден көрінісі:

- Стяжканың жоғары мықтылығы.  Бұны өте оңай тексеруге болады: шегемен стяжка бетін жүріп өткенде үгітілмесе, яғни төсеу жұмыстарына стяжка беті жоғары төзімді болып табылады;
- Стяжканың ыдғалдылығы 3% аспау керек. Егер ылғалдылық көрсеткіші қажетті деңгейді көрсетпесе, төсеу жұмыстарын тоқтатқан дұрыс және ылғалдылықты реттеу жолдарын қарастырған жөн;
- Бетон-цементтік стяжка толық тегістік тексеруден өту керек.

3-қабатты паркетті фанераға  немесе OSB-плитаға төсеу талаптары:

- 3-қабатты паркеттерді төсеу жұмыстары кезінде  қалыңдығы 15-20 мм фанера немесе OSB-плитасы пайдаланылады;
- (Фанера немесе плита) негізінің ылғалдылығы 12% деңгейінде болуы керек;
- Негіздің жылжуына ешқандай мүмкіндік болмау керек, ал оның беті түбегейлі тегіс болуы шарт;
- Еден беті ластардан және қоқыстардан тазартылады (шаң және қоқыстардан).

 Паркетті төсеу

Төсеу жұмысының бастамасы:

- Төсеу жұмысын бастайтын бұрыш анықталып алады;
- Негізгі қабырғаға параллелді түрде бауды пайдалану арқылы базаның сызығы анықталып алынады. Тақта енінің қосындысы және артық қалдырым (10-15 мм) қабырғадан базаға дейінгі қашықтық болып есептеледі. Саңылаулар  плинтуспен жабылады; 
- Структурасы мен тонировкасын сәйкесінше үйлестіру үшін бірнеше орамның планкаларын орнату ұсынылады;
- Бірінші планка негізге шегелермен қатайтылады (фанера немесе стяжка);

«Жүзбелі» әдіспен төсеу:

- Базаны анықтап алған соң, бөлменің бүкіл ауданы бойы полиэтиленді пленка жабылады, қабырға тұсында аздаған артық пленка қалдырылады (5 см көп емес);
- Негіз ретінде дыбысқаққыш төсеніші пайдаланылады, ол пленка үстінен жабылады аздаған артық тұстарымен;
- База бойы 1-қабат солдан оңға қарай төселеді (бөлмеге ойықпен);
- 2-қабатты орнату үшін алда орнатылған тақтаның тарамдарына пазбен қою керек. Тақталардың дұрыс орнатылғандығын сырт еткен дыбысты есту арқылы көз жеткізе аласыз, ол арнайы пластмассалық тетікшенің бірігуі кезінде және  планкалардың өзара бірігуі кезінде естіледі;
- Қатардағы 1-ші және соңғы планкалардың ұзындығы 15 см кем болмауы керек;
- Көлденең жіктерді лажы болса қатар қоймаған дұрыс және бір-бірінен аз-маз қашықтықта ауыстырып отыру керек;
- Соңғы қатарды төсеу барысында планкалар кесіледіарақашықтығы 10-15 мм болғаны жөн;

 «Желімдеу» әдісімен төсеу:

- Желім біркелкі жағылады (бұл тұста еденге қарсы шпательді 45 бұрыштамасымен ұстау шарт);
- Базаға 1-планка қабырғаға ойықпен орнатылады, ал бөлмеге тарамдаумен. 2-3 қатар төсеу орнатылғаннан соң, 1-қатардың түзу орнатылғандығына көз жеткізу керек;
- Төсеу жұмыстары кезінде планкалардың біріккен жері қатар орналаспағанын бақылап отыру керек;
- Соңғы қатарды орнатуда планкалар кесіледі, , себебі саңылаулар қалу керек, арақашықтығы 10-15 мм болуы шарт;
- 3-қабатты  тақталарды желімдеу әдісімен төсеу барысында бөлменің ылғалдылығы мен температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мән беру керек, себебі қандай да өзгеріс желімнің кебу процесіне әсер етуі мүмкін.

Паркетті төсеп болғаннан кейін:

- Төсеу жұмыстарынан кейін шаңсорғыш арқылы ластануды жинау керек (шаң мен қоқыс), клинер көмегімен паркетті тазалау керек және 72 сағат бойы бөлмеде жүруді тоқтату керек;
- Бөлме ауданы бойынша плинтус орнықтылады, ол тек қабырғаға бекітіледі.
- Плинтустан тысқары шығып тұрған пленка мен дыбысқаққыш төсеніштің артық тұстарын кесіп тастау керек. 

Задать вопрос

Заполните форму и, мы ответим на Ваш вопрос в ближайшее время.

Заказать звонок

Заполните форму и, мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратная связь

Заполните форму и, мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Товар:
Доставка образца

Заполните форму и, мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Образец:
sesdfg